Медеу ауданында 8 жұп отбасылық өмірге қадам басты
«Махаббат мерекесі» табиғат анаға деген ыстық ықыластан бастау алды. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күніне орай Алматыда ғашықтар аллеясы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтулы күні некесі қиылған жас жұбайлар жасыл желек отырғызуға атсалысты. Жаңа өмірге деген қадамы махаббат ағашын отырғызудан басталды. Іс-шара Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы және Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
– «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқаны аясында жастар аллеясы ашылып жатыр. Ауданымызда 18 жұп отбасылық өмірге қадам басты. Бастаманың осындай іс-шарамен тұспа-тұс келуі қуантады. Біз қашанда махаббатты табиғатты аялаудан бастауымыз керек, – деді Медеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Венера Ғалиева.
– Алғашқы қадам жасыл тал егуден бастағанымыз дұрыс болды деп ойлаймын. Әр отбасы махаббаттан басталуы керек, – деді қала тұрғыны Әзімбек Нұрдаулет.
Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: іс-шараға ақпарат саласының қызметкерлері де атсалысты