Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырды
Алматы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде Ерболат Досаевтың атынан жалған аккаунттар жаппай ашылып жатқанын ескертіп, жұртшылықты тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.
Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.