Елімізде кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артты
Елімізде кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артты. Қазақстанның еңбек нарығында жоғары оқу орны түлектеріне қарағанда колледж студенттеріне қажеттілік 70 пайызға жеткен. Бұл туралы мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның ақпарынша, Үкімет жұмысшы мамандықтар жылын өткізуге дайындыққа кіріскен. Бастама аясында жұмыс берушілерді тарта отырып, кадр даярлау ісін бірлесе атқаруды қолға алмақ. Жоспар бойынша елдегі 518 кәсіпорын 410 колледжді қамқорлыққа алған.
"551 колледжде 91 мыңнан аса студент дуальды оқыту негізінде білім алуда. Ал 2029 жылы 160 мыңға жуық студентті қамтылады. Еңбек кодексіне сәйкес дуальды оқытудағы практикалық кезең студенттің еңбек өтіліне есептеледі. Бүгінгі таңда академиялық дербестік негізінде, кәсіптік стандарттар және WorldSkills талаптары ескеріліп, 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы нақтыланды әрі тізілімге енгізілді", – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз: Анна Данилина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді