2025 жылы қазақстандықтардың жалақысы өсе ме

06.11.2024 14:51

Бүгінде елімізде ең төменгі жалақы 85 000 теңге

elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміздегі ең төменгі жалақының өсуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінде елімізде ең төменгі жалақы 85 000 теңге. Келер жылы осы 85 мың теңге көлемінде қалады. Біз ең төменгі жалақыны тағайындау әдістемесін әзірледік. Ол бойынша жаңа еңбек өнімі мен медиандық жалақыны біріктірдік. Медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштерін салыстырсақ 34% айырмашылық бар. Біз енді әр жұмысшының еңбек тәуекелдері картасын жасап, жұмыс берушілермен бірлесіп қарастырамыз. Әрине, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында келісімшарт жасалады, ол еңбек кодексіне негізделеді. Бірақ, бизнес саласындағы кейбір жұмысшылардың медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштері 9%-ға жетпейді», - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша министр медиандық және ең төменгі жалақы арасындағы айырмашылықты 9%-дан 34%-ға арттыру жоспары барын айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, аталған қадам қазақстандықтардың ең төменгі жалақы мөлшерін өсіруге ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Министрлік қант пен тұзды тұтынуды азайтуға күш салмақ