Арадағы келіспеушілік шешілді
«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етуде. Бүгін қызметкерлер мекеме әкімшілігіне өз уәжін жеткізді. Арадағы келіспеушілік шешілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматы Су» хабарлағандай, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Бірақ жалақының көтерілуі коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауына әкелетін көрінеді. Бұл ретте компания көктемде көлік жүргізушілерінің жалақысы 15 пайызға көтеріліп, Тәуелсіздік мерейтойына орай қосымша жалақы төленгенін айтты.
«Алматы қаласында су мен кәрізге тарифтер халыққа салмақ түспейтіндей етіп жасалған. Қазір 1000 литр су – 48 теңге, кәріз – 25 теңге. Келесі жылы біз жалақыны кем дегенде инфляция деңгейіне көтеруді қарастырып жатырмыз», – деді «Алматы Су» МКҚК ресми өкілі Серік Шәгіров.