2026 жылы жұмысшы мамандарын даярлауға 60 млрд теңге бағытталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың және экономика үшін сұранысқа ие кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтарын даярлау бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғайтылғанын атап өткім келеді. Биыл бұл мақсаттарға 60 млрд теңге қарастырылған. Егер бұған дейін қаражат колледждердің рейтингін ескере отырып бөлінген болса, енді осы жылдан бастап бұл тәсіл жойылады. Қаржы барлық колледждер арасында бірдей бөлінеді. Осы орайда, 2027 жылға 95 млрд теңге, 2028 жылға 80 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, ерте кәсіптік бағдар беру аясында мың жаңа салалық сынып ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, үш өңірде агросыныптар ашылады», — деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Оқи отырыңыз: Орта және жоғары сыныптарда БЖБ мен ТЖБ кезең-кезеңімен жойылады - министр