Мамандардың айтуынша, алдағы бір жылда қатты зілзала болмайды
Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Дәл осындай ақпарат әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Әйтсе де мамандар бұл ақпаратты жоққа шығарып, алдағы 1 жылда қатты зілзала болмайды деген болжам келтірді, деп хабарлайы Almaty.tv тілшісі.
Сондықтан қала халқының даурығуына еш негіз жоқ дейді Республикалық сейсмология институтындағылар. Олар жылда жер сілкіну ықтималдылығы бар елді-мекендердің белгіленетінін айтады.
«Әлеуметтік желіде жақында жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін деген ақпарат тарап жатқаны рас. Біздің сейсмология институының мамандары 9-10 балдық жер сілкінісі болады дегенді айтқан жоқ. Сондықтан, Алматы қаласының тұрғындарына ешқандай үрейге берілуге немесе уайымдауға негіз жоқ есептеймін», – деді Сейсмология институтының аға ғылыми қызметкері Айгүл Төлебайқызы.
Кеше сағат 21:50-де Алматы қаласынан 70 км оңтүстік-шығысқа қарай, магнитудасы әлсіз жер сілкінісі тіркелді. Таулы өлкеде орналасқандықтан бұл қалыпты жағдай. Алматы қаласының тұрғындарына 2-3 баллмен сезілді.
«Жер сілкінісін негізі сейсмикалық стансалар тіркеп отырады. Күнделікті 10,100 жер сілкінісі болып тұрады. Сейсмикалық қондырғылар Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан 59 сейсмикалық станаса бар. Осы қүрылғылар күнделікті болып жатқан жер сілкінісін тіркеп отырады. Институтта 3 бағытта болжам жасалады. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болжам. Орта мерзімді – 1 жылға, қысқа мерзімді – 1 аптаға беріледі. Бізге қаңтар айының басында болжам берілді. Бұл болжам бойынша осы жылы Алматы қаласында 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болмайды деп көрсетілген. Ықтималдылық 0.7 пайызға тең деп айта аламыз», – деді Сейсмология институтының аға ғылыми қызметкері Айгүл Төлебайқызы.