Мәжілісте елдегі мал шаруашылығын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды
2027 жылдан бастап мал экспортына қатысты шектеулер алынып тастауы мүмкін. Мәжілісте елдегі мал шаруашылығын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Депутаттар салада қордаланған түйткілдердің аз еместігін атап өтіп, соның ішінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне ерекше назар аударды. Олардың айтуынша, мәселе әсіресе оңтүстік өңірлерде өзекті. Сонымен қатар фермерлер үшін қаржыландырудың қолжетімділігі де сөз болды. Алдағы уақытта саланы қолдауға бағытталған жеңілдетілген несиелер тек агрокорпорациялар арқылы ғана емес, екінші деңгейлі банктер арқылы да жүзеге аспақ.
«Басты мәселе – экспорттық шектеу. Бұны жиында да айтып жатыр. Яғни кешенді 2027 жылдан бастап экспортқа шектеуді жою. Екінші мәселе – мал басын сатып алуға қаржының жетіспеушілігі. Үшінші мәселе – ветеринария. Ең түйіткілді мәселе. Біздерде әр өңірде, әр облыста, әр шаруашылықта түрлі вакцина қолданады. Ветеринария туралы заңға тиісті өзгеріс енгізу керек», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев.
Оқи отырыңыз: СҚО-да бір адамды пойыз басып кетті