Cаяжайға шығуға рұқсат алу үшін open.almaty.kz порталы арқылы өтініш беруге болатыны туралы ақпарат жалған

28.04.2020 01:30

Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Фото: shewon.net

Open Almaty саяжай учаскелеріне шығуға рұқсат алу үшін open.almaty.kz порталы арқылы өтініш беруге болатыны туралы WhatsApp-та таратылған ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Open Almaty саяжай учаскелеріне шығуға рұқсат алу үшін open.almaty.kz порталына өтініш беруге болатыны туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа сай келмейтінін және Алматы қаласының тұрғындарын жаңылыстыратынын хабарлайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қазіргі уақытта саяжай учаскелеріне шығуға рұқсат беру алгоритмі әзірленуде. Алматы қаласы әкімдігінің ресми ақпарат көздеріндегі жаңалықтарды оқыңыз, делінген хабарламада.