|
24.09.2020 | 20:55
2007

«Іскер ана» бағдарламасы бойынша 1700-ден астам алматылық өз кәсібін ашты

Гүлназ Мұқаш мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған жан

«Іскер ана» бағдарламасы бойынша 1700-ден астам алматылық  өз кәсібін ашты  almaty.tv

Жеке кәсіп бастаймын деген көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар мен жобалар сәтті жүзеге асып келеді.  Соның бірі «Іскер ана» аймақтық жобасы. Қаладағы әлеуметтік орталықтар жәрдемақы төлеумен қатар, қыз-келіншектерді  жұмысқа орналастыруға  немесе арнайы курстарда жаңа кәсіпті игеруге көмектеседі. Одан өзге, әр кәсіпкерді өз назарында ұстап, бизнесінің алға өрлеуі үшін бар жағдайды жасап отыр. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын тарқатады.

Гүлназ Мұқаш мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған жан. Тігін машинасын жанына бала кезден серік етіп келеді. Бастапқыда 3 адам болып отбасымен бастаған ол кәсібін дамытқысы келіп Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығына барған. Онда көпбалалы ананы қолдап, жол көрсететіндер де табыла кетті. Содан соң қысқа мерзімді курсты тәмамдап, кәсібін дөңгелетуге  қажетті қайтарымсыз грантқа ие болды. Осылайша екі жыл бұрын ғана бастаған кәсібі, бүгінде үлкен тігін цехіне айналған.

«Бұл жұмыстың өнімділігін көрдік. Халықтың арасында жақсы сұранысқа ие екенін білдік. Сосын ақырындап осыны үлкейтуді ойладым. Қазір күніне 50 шт әмиян, 20-30 мәсі шығарамыз. Таза былғарыдан. Өзіміздің отандық өнім дайындалған», – деді көпбалалы ана Гүлназ Мұқаш.

Қызылды-жасылды тігілген қазақы нақыштағы әмиян мен жылы мәсілер көздің жауын алады. Оның үстіне оларға сұраныс та жоғары екен. Нәтижеде, бастауыш кәсіпкердің бизнес ауқымы кеңейіп,  қазір тағы 10-нан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

«Біз 12 түрлі мәсі түрлерін шығарамыз. Мынау елімізде ауа-райы ұқсамайды ғой. Соған байланысты әртүрлі қалыңдықта  мәсілер тігеміз», – деді жұмысшы Ерлан Бейсенұлы.

Бүгінде Гүлназ секілді кәсібін дөңгелетіп отырғандар аз емес. Олар түрлі курстар оқып, 505 мыңнан бастап 3 млн-ға дейін қайтарымсыз грант алып жатыр. Десек те, қомақты ақша кез келгеніне беріле бермейді. Оған қол жеткізу үшін арнайы бизнес жоспарыңыз болу қажет. Көпбалалы аналар  мен жұмыссыз жастарға осындай қолдау көрсету ісі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының үйлестірушісі

«Осы бағдарламамен дамимын деген кісілер бірінші «Бақытты отбасына» келеді. Арыз бен куәлік көшірмесін алып келеді. Ол құжаттарды жұмыспен қамту орталығына тапсырамыз. Сосын олар 21 күндік «Бизнес бастау» курсын оқып , сол жерде гранттарын алады», – деді Нұржамал Сүйесенова.

Жыл басынан бері «Іскер ана» бағдарламасы бойынша 1705 жұмыссыз мемлекет тарапынан арнайы кәсіпкерлікке оқытылған. Оның 164 көпбалалы отбасылар болса, 724-і аз қамтылған жанұя. Бүгінде олардың бәрі де өз кәсібін жүйелі түрде жүргізіп, нәпақасын тауып отыр.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир