Жазғы маусымның ашылуына және Қазақстан президенті сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні Red Bus экскурсиялық автобустарымен сол жағалауда тегін экскурсия жасай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экскурсия AiLand (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады. Бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы.
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақ бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.
AiLand аялдамасынан қозғалу уақыты:
сағат 10.00 (орыс тілінде)
сағат 12.30 (қазақ тілінде)
сағат 14.45 (орыс тілінде)
сағат 17.15 (қазақ тілінде)
сағат 19.30 (орыс тілінде)
Ары қарай келесі аялдамалар: «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы, «Мәңгілік Ел» триумфалды қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және AiLand (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.
«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:
сағат 10.30 (қазақ тілінде)
сағат 13.00 (орыс тілінде)
сағат 15.15 (қазақ тілінде)
сағат 17.45 (орыс тілінде)
сағат 20.00 (қазақ тілінде)