Түрксіб ауданын сумен жабдықтау желісіндегі ірі апатты жою бойынша жұмыс аяқталды
Almaty.tv
Алдағы бірнеше сағатта тұтынушыларға су толығымен беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Апаттық бригада қызметкерлері Рысқұлов даңғылы мен Герцен көшесінің қиылысында су құбырындағы зақымдарды жою бойынша жұмысты орындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы Су» АҚ-ның баспасөз кызметіне сілтеме жасап.
Сағат 18:00-ден бастап аудан құбырлары бойынша су жіберіле бастады, құбырды толтыру және жүйенің қысымын реттеу жұмыстары жүргізілуде.
«Алдағы бірнеше сағатта тұтынушыларға су толығымен беріледі. Су толығымен тазарғанша үйдегі сантехникалық құрылғылар арқылы ағызып жіберіңіз», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
24.11.2026 14:31
Алматыда кондитерлік фабрикаға арналған арт-нысан орнатылды
24.11.2026 11:01