Түрксіб ауданын сумен жабдықтау желісіндегі ірі апатты жою бойынша жұмыс аяқталды

24.04.2023 01:30

Алдағы бірнеше сағатта тұтынушыларға су толығымен беріледі

Almaty.tv

Апаттық бригада қызметкерлері Рысқұлов даңғылы мен Герцен көшесінің қиылысында су құбырындағы зақымдарды жою бойынша жұмысты орындады, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі «Алматы Су» АҚ-ның баспасөз кызметіне сілтеме жасап.

Сағат 18:00-ден бастап аудан құбырлары бойынша су жіберіле бастады, құбырды толтыру және жүйенің қысымын реттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Алдағы бірнеше сағатта  тұтынушыларға су толығымен беріледі. Су толығымен тазарғанша үйдегі сантехникалық құрылғылар арқылы ағызып жіберіңіз», - делінген хабарламада.