Жобаның мақсаты – азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатыстыру
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының көмегімен 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Антикор қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жобаның мақсаты – азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатыстыру. Бұл тұста қоғам дамуын тежейтін сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ міндет екенін жақсы білеміз. Себебі мемлекеттің алға өрлеуіне кері әсерін тигізетін бұл дерттің жолын кесу бәрінен маңызды. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті мен Қоғамдық кеңестің бірлесе атқарған жұмысы қандай нәтиже көрсеткенін студиямыздың қонағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Барыс Жапаров айтып берді.