|
02.02.2021 | 20:35
14266

Жазушы, драматург Әнес Сарай өмірден өтті

1937 жылы Ресейде, Астрахан облысы, Володарский ауданы, Кірмалай ауылында туған

Жазушы, драматург Әнес Сарай өмірден өтті egemen.kz

Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнес Сарай өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әнес Сарай 1937 жылы Ресейде, Астрахан облысы, Володарский ауданы, Кірмалай ауылында туған.  «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Ол Батыс Алашорда тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы.

«Мұнаралар шақырады», «Бозқырау», «Қараша өткен соң» атты әңгіме-повестерінде, «Тосқауыл», «Алтын арал»), «Еділ—Жайық»  романдарында Астрахан—Атырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау» пьесаларының авторы.

"Алматы" телеарнасының ұжымы марқұмның отбасына, туыс-туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир