Сенат және Мәжіліс депутаттары республикалық, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктері және ҚХА қоғамдық құрылымдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Диалог түрінде өткен отырыста келелі мәселелер талқылға түсті. Жиынға қатысушылар депутаттарға сауал қойып, өз ұсынысын айтты.
– Бүгінгі жиынымыз диалог түрінде өтті. Себебі біз халықты естуіміз керек. Ал Ассамблеяның өкілдері – қаланың қарапайым тұрғындары. Жастар саясаты, ел экономикасындағы мәселелер талқыланды. Қазір аймақтарды аралап, тұрғындарды тыңдап жүрміз. Қыркүйек айында айтылған проблемаларға қатысты жұмыс бастаймыз, – деді ҚР Парламенті сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаты Нүрия Ниязова.
Отырыстың мақсаты – Сенат пен мәжіліс депутаттары Алматы қалалық ҚХА өкілдерінің алдында есеп беру. Парламент мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерлан Дәулетұлы мұндай жиындар жиі ұйымдастырылуы керегін айтты.
– Ең маңызды дүние қарым-қатынас деп айтуға болады. Бұл кездесу емес, бұл қарым-қатынас. Халықтың мүддесін, ойын Парламентке алып келу, енгізу, соның арқасында өзгеріс жасау. Сол мәселеде мұндай кездесулер маңызды деп есептеймін, – деді ҚР Парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің депутаты Ерлан Стамбеков.