Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің анасы өмірден өтті

01.01.2023 01:35
elements.envato.com

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің анасы өмірден өтті. Қаралы хабар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Facebook парақшасында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті ағайын, бүгін аяулы апамыз, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлінің анасы Қыдыралиева Қанткүл апамыздан айырылып қалдық. Қонақ асы мен басқа рәсімдер туралы қосымша айтылады», – делінген хабарламада.

«Алматы» телеарнасының басшылығы мен ұжымы Дархан Қыдырәліге, барша туған-туысқанына қайғыра отырып көңіл айтады.

Теги: погибла