Akimat LIVE эфирінде Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Бақытжан Ақжаров

13.09.2019 01:37

17 қыркүйек, сейсенбі сағат 20:00-де Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы қаласы  Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Бақытжан Ақжаров тұрғындардың сұрағына жауап береді.

Сіздер сұрақтарыңызды WhatsApp 8 777 046 33 33 нөмірге жіберсеңіздер болады, сондай-ақ  Almaty TV телеарнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook-тегі парақшаларға комментарий қалдыруларыңызға да болады.

Тікелей эфир кезінде көрермендер студияға қоңырау шалып, қонаққа сұрақ қоя алады.

Бағдарламаның тікелей эфирін сондай-ақ сайт телеарнаның almaty.tv сайтының, Facebook, YouTube желісіндегі парақшаларынан көре аласыздар