32 елдімекені бар Алматы облысы Кеген ауданында ауыз суға жарымай отырған ауылдар бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шалғайда жатса да, шақалақ саны көбейіп, халқы арта түскен алып ауданда баспана мәселесі де жиі қаузалады екен.
Кеген ауданының тұрғындары тұщы судан тарыққандарын айтады. Егіншілікпен еңсесін түзеп отырған ордалы ел, облыс әкіміне бұл түйткілді тездетіп шешу керек деген талап қойды.
«Бөлексаз ауылында да ауыз су 3 жылдан бері қосылмай отыр. Бұл серіктестіктің ісі сотқа берілген. Алайда нәтиеже шықпай отыр. Жаңадан салынатын құрылыстарда біріншіден технозорлардың жұмысы өте төмен дәрежеде болып отыр. Тіпті жоқ десек те болады», – деді Кеген ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Халық Қайыпов.
Ал әкімдік « селқостық танытқан мердігерлерді сотқа тарттық» деп жауап берді. Бірақ олардың жұмысына жауапкершік алмайтынын айтса да, ауыз су тапшылығының алдын алмапты.
«Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқтауы тиіс жоба болатын. Бүгінгі күнде 7,6 шақырым бізде су трассасы тартылып отыр. Бүгінде 95 пайыз жұмыс орындалды. Қалаған 5 пайыз жұмысты бітірер кезде әлгі мердігер салғырттық танытып, бітірмеді», – деді Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов.
Ауданда тұрғындарға медициналық көмек көрсететін 31 мекеме бар. Айта кету керек, жергілікті денсаулық сақтау саласы кегендіктердің көңілін көншітпейді, себебі - көне. Оның үстіне маман тапшы.
«Күрделі жөндеу жұмыстары бірінші рет жүріп жатыр. 31 тамызда жөндеу жұмыстары аяқталады. 4 дәрігер тапшылғы бар. Қазіргі уақытта, 2 жалпы тәжірбиелі дәрігер, бір онколог, бір окушер гинеколог керек. Олардың бәрі жыл аяғына дейін тапшылық жойылады», – деді Кеген аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмас Тілеулиев.
Баспана кілті басқада деп базынасын айтқан кегендегі көпшілік шенділер үй мәселесін де біржақты етсе деп отыр. Мәселен биыл Кеген ауданында 2,6 мың шаршы метр болатын құрылыс аяқталған, бірақ бұл облыс үлесінен небәрі 0,4 пайыз.
«2021 жылы 36 үй салынды. Бүгінгі күні 51 үй толық пайдалануға берілді. Биылға жылы 20 үйдің құрылысы басталды. 20 үй бұл кредиттік несиелік үйлер, бұл жерде әлеуметтік сала мамандары алынады. Әлеуметтік осыл топтар топ-тоқа бөлінеді ғой, соларды кезең-кезеңімен қамтамасыз етіп отырамыз. Жиырма үй салынып жатыр, отыз үй салынады дегеннің өзінде әлі де қарқынды құрылыс керек», – деді Кеген ауданы әкімінің орынбасары Бота Серікқызы.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының маңыздылығын ескерсек Кеген ауданы бірден-бір үлесі зор елдімекен екені анық. Сондықтан ауданға арнайы ат басын бұрған облыс әкімі жоғарыда жаманатты болған жауаптыларға қатаң жүктеме қойды.
Әлібек Шынтемір, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы