Алматылық полицей қаңтар оқиғасының қалай басталғанын айтып берді

Алматылық полицей қаңтар оқиғасының қалай басталғанын айтып берді
Ол кезде ауа райы суық болғандықтан, ішімдіктің иісі сезілді дейді тәртіп сақшысы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық полиция қызметкері қаңтардың қанды күндері Республика алаңында болған оқиғаларды баяндап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Оның айтуынша, шеру алғашында бейбіт сипатта болған. Алаңға жиналғандар ұрандатып қана тұрған. Бірақ кейіннен жағдай күрт өзгеріп, жаппай тәртіпсіздікке ұласыпты. Бүлікшілер әскери көліктерді тартып алып, тәртіп сақшыларына шабуылдай бастаған. Осының бәрін өз көзімен көрген полицей сол кезде әріптестерімен бірге қала әкімдігінде қызметте болыпты.  

«Ол кезде ауа райы суық болғандықтан ішімдіктің иісі сезілді. Әкімдіктің алдындағы шамдарды жұлып алып, лақтырып жатты. Бордюрлар дайындап әкелген, бензиндері бар. Бірі таяқ жеген, бірі жарақат алған. Әкімдіктің алды өртеніп жатты. «Боран-19» бірінші өртенді», - деді Алмалы аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Ербол Нұрманов.  

Новости партнеров