Алматыда кеңестік биліктің құрбаны болған дін өкілдерін еске алу жиыны өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға бас мүфти қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінің ғимаратында «Қазақстандағы «дін дүрбелеңі»: кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиын барысында Бас мүфти Кеңес заманында дінді қоғамдық өмірден ысырудың барлық амалы жасалып, осы бағытта идеологиялық жоспар құрылғанын баса айтты. Сондай-ақ, пәрменді түрде діннің мемлекет құрылымынан, адамдардың жеке өмірінен алыстатқанын айтты.  

«Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Бүгін мінекей, Нұр-Мүбәрак университетінде республикалық конференция ұйымдастырылып жатыр. Бүгін конференция басында арнайы Құран оқып, Отан үшін құрбан болған бабаларымыздың рухына бағыштадық. Бұл біздің ұрпақ ретіндегі міндетіміз», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Новости партнеров