Кәсіпкерлерге жылдағыдан да ауқымды қолдау көрсетілмек. Биыл Алматы қаласында қызмет көрсету, сауда орындарын ашу бойынша 76 нысан пайдалануға берілді. Құны 46 млрд теңге. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ биыл жас кәсіпкерлерге қызмет көрсету «Қолдау» орталығы ашылды. Ол жерде кәсібін жаңа бастағандарға бизнес саласы бойынша толық көлемде кеңес беріледі. Соңғы 4 айда 4700-ден аса кәсіпкерге қызмет көрсетілген.
«Алматы инвест форуымы құрылды. Қалаға келіп жатқан инвесторлар тек қазақстандықтар емес, шетелден келетін азаматтармен тікелей байланыста 89 жоба әзірленді. Құны 4 триллион теңге», - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан ОРАЗАЛИН.
2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілері 3 жылға табыс салығынан босатылатыны белгілі. Әр жыл сайын мемлекетке осы салық арқылы 12 триллион теңге түсіп отырады екен. Бұдан бөлек, жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке инвестиция саласы бойынша 712 млрд теңге қаржы түсті. Бұл – 8 жобаның нәтижесі. Жыл соңына дейін тағы да құны 100 млрд болатын 5 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.