Ұлттық қордың ақшасы балаларға қашан бөлінеді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қордағы ақша балалардың шотына қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы жұмада түзетулерді Парламенттің қарауына енгіземіз. Бүгін «Ұлттық қор» бағдарламасының негізгі тетіктерін депутаттарға баяндадық. Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50%-ы Қазақстандағы барлық балаға бірдей мөлшерде бөлінеді. 2024 жылдың қаңтарында (Ұлттық қордағы ақша – автор) еліміздегі әр баланың шотына шартты түрде түседі. Шартты түрде дегеніміз бұл ақшаны балалар 18 жасқа толғанға дейін ала алмайды. Керек түзетулерді заңнамаға енгіземіз», - деді Дәурен Темірбеков Сенатта.

Ол өз сөзінде қордағы ақша құнын жоғалтпайтынын айрықша атап өтті.

«Себебі ондағы бүкіл салым доллармен сақталады. 18 жасқа толғанда барлық ақша доллармен беріледі. Әрине, әр ата-ана өз баласының шоттағы ақшасын бақылай алады. Жобаның операторы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Қордың ресми сайтында (тиісті ақпарат – автор) орналастырылады. Сондай-ақ Әділет министрлігімен осы сұрақтарды пысықтаймыз. Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы ақпаратты көруге мүмкіндік береміз. Құдай сақтасын, егер отбасында баланың саны 2-ден көп болып, оның біреуі қайтыс болса, Ұлттық қордағы жинақталған ақшаны осы отбасындағы балаларға бөліп беру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ол.

Новости партнеров