«Қаржылық пирамиданы құру және басқару» бойынша шығын мөлшері 8 жарым милрд-тан астам теңге болатын 287 құқық бұзушылық тіркелген
Қаржы пирамидасын жарнамалаған танымал адамдарды жауапкершілікке тарту керек. Мұндай ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысында өзінің депутаттық сауалында Юрий Ли Бас прокуратураға жолдады,деп хабарлайды Almaty.tv
Ол өз сөзінде пирамидаларға танымал блогерлер мен вайнерлердің қатысуын өкілетті органдар назарға алу керектігін атап өтті. Статистикалық деректерге сәйкес, осы жылдың 1 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде «қаржылық пирамиданы құру және басқару» бойынша шығын мөлшері 8 жарым милрд-тан астам теңге болатын 287 құқық бұзушылық тіркелген.
«Блогерлер мен вайнерлер қаржы пирамидасының жарнамасына белсенді қатысып, тәуекелсіз инвестициялар деп жоғары табыс табатынына уәде етеді. Қазір бұл танымал адамдар өздері де ақша салып, алданып қалғандарын, сондай-ақ қаржы пирамидасы ұйымдастырушылары тарапынан зардап шеккенін айтып жатыр. Дегенмен факті деген бар, жарнама роликтерінде кадрлар сақталған. Қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігі, тез ақша табу ниетімен қоса, азаматтарды көбінесе осындай аляқтардың қақпанына ілінуге итермелейді, олардың көпшілігі тіпті несие алады», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Юрий Ли.