Оңтүстік Кореядан оралған Жамбыл облысының тұрғыны карантиннен қашып кеткен

12.03.2020 01:40

Алайда аурудың ешқандай клиникалық белгілері байқалмаған азаматша 14 күнге оқшаулауға алынды

NurPhoto

Коронавирусқа қарсы карантинге жатудан жалтарған Жамбыл облысының тұрғыны оқшауға алынды. Әлеуметтік желілерде Оңтүстік Кореядан оралған азаматшаның карантиндік міндеттемелерді орындамауы туралы ақпарат тараған болатын. Құзырлы органдар Тараз қаласының тумасының кім екенін анықтап, оған түсіндіру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Азаматша 14 күнге карантиндік изоляторға жатқызылыпты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде оның жағдайы қалыпты және аурудың ешқандай клиникалық белгілері анықталмаған.

Айта кетейік, карантиндік тәртіпті бұзған тұлғалар заң алдында жауапқа тартылады.