Алматыдағы Түрксіб ауданында көшелер келер жылы толық аяқталады

Almaty.tv
Almaty.tv
Төменгі Пятилетка шағынаудандағы 4,5 мың үйдің кәріз құбыры қайта жөндеуден өтуі керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Түрксіб ауданына қарасты төменгі Пятилетка шағынауданындағы жол уақытша ретке келтірілетін болды. Ал тақтайдай тегіс жол тек барлық инфрақұрылым жасалғаннан кейін төселетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Орталық кәріз құбырын жүргізу үшін жұмыс наурызда басталған. Одан бері жоба бойынша жасалуы тиіс 100 километрлік магистральдің 40 шақырымы жөнделіпті. Бірақ бар асфальт жоқ болған. Тұрғындардың айтуынша, тегіс жол қазылғалы мәселе көбейген.  

«Дем алу қиын шаңнан. Күнделікті жағдай осындай. Балаларға  да, үлкендерге оңай емес», – деді   қала тұрғыны Анастасия Мирзабаева

«Ауа-райы бұзылғанда қайтеміз? Жаңбыр жауып, қар түскенде балшыққа батып отырамыз ба? Қазірдің өзі мына жерде жаяу адамның жүруі екіталай. Төменгі көшелердің жағдайы, тіпті, нашар», – деді қала тұрғыны Марина Овчарова  

«Жердің шаңы көкке көтерілгенде көшеге суды өзіміз себеміз»  дейді көпшілік. Олар бұған дейін болған тас жолды түгел бұзудың қаншалықты қажет болғанын түсінбей дал.

«Әкімдікке жарайды, рақмет. Канализацияны, су құбырын салып бергендері үшін. Бірақ артынан асфальт салуға болады ғой», – деді қала тұрғыны Бекежан Жамбасбаев.

Жауаптылардың айтуынша, асфальт келер көктемде төселеді. Оған дейін шағынаудандағы 4,5 мың үйдің кәріз құбыры қайта жөндеуден өтуі керек. Жоба екі кезеңге бөліп орындалады. Қазір 60 болса, қазір 29 көшеде құбыр жаңартылып жатыр.

«Бір айдың ішінде 29 көшенің бәріне сеуіп шығамыз. Тегістеп, сеуіп, машина жүретіндей ыңғайлы болады. Қазір 29 көшенің екеуі дайын тұр. Енді тұрғындарға айтып жатырмыз, неге біз асфальтті сразу сала алмадық? Кәріз құбыры өткен соң үйіне өздері бұру керек. Өйткені, асфальт салынса ертең рұқсат қағаз алулары керек болады», – деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Айдос Бекетаев.

Наурызда басталған Төменгі Пятилеткадағы жөндеу жұмысы келер жылдың желтоқсанында аяқталуы керек. Ал жол жайын айтқан көптің талабы осы бір айда ескеріледі деді әкімдік.

Мадина Оқас, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров