Бүгін кешке 20:00-де Akimat LIVE тікелей эфирінде ең өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылаймыз

Бүгін кешке 20:00-де Akimat LIVE тікелей эфирінде ең өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылаймыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атаулы әлеуметтік көмек!

Біреулер үшін ол  – соңғы үміт, ал кейбіреулерге  – бел ауырптай табатын қосымша ақша!

АӘК алуға тізімді кім жасайды?

Зәулім сарайларда тұратын адамдар жәрдемақыны қалай алған?

Заңсыз төленген АӘК үшін кім жауап береді?

Заңсыз алынған ақшаны кім және қашан бюджетке қайтарады?  

Кімдер әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай жүр?

Кімдер «қара тізімге» ілікті?

Бүгін, 24 қыркүйек, 20:00-де Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфиріне Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева келеді.

Басшыға қояр сұрақтарыңызды мына нөмірге жіберсеңіздер болады: WhatsApp 8 777 046 33 33, сондай-ақ Almaty TV арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыра да аласыздар.

Тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, сұрақтарыңызды қойсаңыздар да болады.

Бағдарламаның тікелей эфирін Аlmaty.tv арнасының Facebook и YouTube парақшаларынан көре аласыздар.

Новости партнеров