Елімізде азық-түлік пен тауар бағасына қарағанда қызмет көрсету құны қымбаттап барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл бұл көрсеткіш 13,8 пайызға дейін шарықтаған. Ресми деректе, бағаның аспандауы кей салада орташа қарқынмен өзгерсе, бірқатарында күрт көтерілгені айтылады. Соның ішінде ең жоғары меже коммуналдық салаға тиесілі. Аталған қызмет құны бірден 43 пайызға өскен. Бұл елімізде инфляцияның көтерілуіне ықпал ете ме? Ал азық-түлік пен үй нарығына қандай болжам бар? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы экономист, сарапшы Мақсат Сералы жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.