Алматы облысында үздік энергетиктер марапатталды

07.11.2019 01:45

7 кезеңнен тұратын жарысқа еліміздің әр аймағынан 7 бригада қатысты

Электр жөндеушілер арасындағы 15-республикалық байқау Ақтау қаласында қазанның 1-і мен 4-і аралығында өтті. 7 кезеңнен тұратын жарыс оқу полигонында ұйымдастырылып, еліміздің әр аймағынан 7 бригада қатысқан болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – жоғары кернеулі тоқпен жұмыс істейтін мамандардың қауіпсіздігі мен дағдыларын дамыту және тәжірибе алмасу еді.

«Жарыста біз бірінші орынды иелендік. Бұл жерде жарыс өзі 7 кезеңнен тұрады. Бір кезеңде істеген  дүниелерді қайталамай, жылда шығып жатқан жаңа технологияларды пайдаланып, солармен жұмыс істейміз. Осылай тәжірибе алмасудамыз», - деді Энергетикалық компанияның бас инженері Әділхан СЕЙДАЛИЕВ.