«Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде қалада 1075 жұмыссыз ананы оқыту көзделуде
Алматыда оннан астам көпбалалы ана жаңа кәсіпке оқуға өтініш берген. Қысқа мерзімді курстардан шаштараз, визажист және тігінші сынды 68 мамандық бойынша дайындықтан өте алады деп жазады Almaty.tv тілшісі.
Жалпы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде қалада 1075 жұмыссыз ананы оқыту көзделуде. Көп балалы аналарға 500 мың теңге көлемінде 100 грант бөлінген. «Бақытты отбасы - Алматы» қоры осы уақытқа дейін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 600 сертификат табыстады. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек және қажетті дәрі-дәрмек алуға берілген. ++++
«Көпбалалы аналарға, жағдайы төмен отбасының әйелдеріне мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіледі. Бірақ, олардың көпшілігі бұл жайынан хабарсыз болғандықтан, қазір біз түсіндіру жұмыстарын дүрпгізіп жатырмыз. «Атамекен», «Даму» қорының өкілдері де аналармен кездесіп, оларға қаржылай көмек көрсете алатындарын жеткізуде», - дейді «Бақытты отбасы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің сарапшысы Ақнұр ЖҰМАБАЕВА.