Студенттердің өздері де жауапкершілікті түсініп, бөлмелерін жиі тазалап тұратынын айтады
Жатақханаларда дезинфекция жұмыстары қалыпты жүріп жатыр. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлі де болса үйіне қайтпаған студенттер жатақханада тұрып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы тұста олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр екі сағат сайын ылғалды тазалаудан бөлек, арнайы мамандардың көмегімен дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, студенттердің өздері де жауапкершілікті түсініп, бөлмелерін жиі тазалап тұратынын айтады.
«Коронавирусқа қатысты ылғалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. 2 сағат сайын тазалық жасаймыз. Аранйы физрастворлармен. Мынадай антисептик қойып қойдық. Балалар кіріп-шыққанда қолдарын сүртеді. Кірген-шыққан балалар бәрі сақтаулы», – деді жатақхана меңгерушісі Сәуле БАТЫРХАНОВА.
БЛИЦ:
Бізде коронавирус шықты деп жарияланды. Содан бері бізде күнделікті дезинфекция жақсы жүргізіліп жатыр.
Кіреберісте антисептик бар. Студенттердің жағдайы жасалып қойған. Қысқаша айтқанда жақсы қарап жатыр.