Жобаның жалпы құны 15 миллион АҚШ доллары
Үш жаңа заманауи кіреберіс павильоны. 175 мыңға жуық жаңа өсімдік. Тамшылай және автоматтандырылған суару жүйесі. Бұл Алматыдағы Ботаникалық бақтың реконструкциядан кейінгі көрінісі. Бақты қалпына келтіру кезінде 17,7 гектар жер абаттандырылған және 1300 ден астам балқарағай, боз арша, емен, үйеңкі мен қайың және тал отырғызылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Болат Өтемұратов Қоры мойнына алған жөндеу жұмыстары маусым айының ортасында аяқталады. Жобаның жалпы құны 15 миллион АҚШ доллары.
«Ботаникалық бақтың бүкіл аумағында жалпы ауданы 50 мың шаршы метр болатын жол жасалды. 10 мың шаршы метр болатын жаяу жолдар неміс технологиясы бойынша экологиялық жабынды қолданылды. Партерлерде және жолдардың бойында 250 жаңа орындық, ағаштың табиғи циклына бөгет болмайтын 1 500 төменді жарықтандыру шамы, сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 1 300 видеобайқау камерасы орнатылды», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат АЙТМАҒАМБЕТОВ.