Дархан Мыңбай мысал ретінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында студенттердің тауда адасып кетіп, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталғанын еске салды
Елімізде туристік маршруттармен саяхаттау кезінде туристер тәуекелдер мен қатерлерге жиі тап болады. Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай мысал ретінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында студенттердің тауда адасып кетіп, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталғанын еске салды. Бұл ретте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа аталған мәселені шешу үшін интеграцияланған туристік навигация қосымшасын әзірлеу бойынша ұсынысын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
«Бүгінде туристік навигация жүйесін, оның ішінде туристің онлайн навигаторын жедел енгізу қажеттігін жоғарыдағы жағдай, яғни өмірдің өзі талап етіп отыр. Жалпы туризмді цифрландыру ісі бірге еріп жүретін өзгелердің көмегіңсіз де қозғалуға, кез келген тілде ақпарат алуға, жүзбе-жүз кездеспей-ақ, тек қана өз жеке смартфонды пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асырып, өзге де қажетті әрекеттерді жасауға мүмкіндік», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.