|
14.06.2019 | 20:48
3285

«Қызметтің сапасы артқан»: Nur Otan хатшысы Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысымен танысты

Партия өкілі Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына да барды

«Қызметтің сапасы артқан»: Nur Otan хатшысы Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысымен танысты nurmedia.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру қажет. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері үшін әлеуметтік пакет жасау керек. Алматыдағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдарының қызметімен танысқан Nur Otan партиясының хатшысы Илья Теренченко осылай деді.

Партия өкілі алдымен Алатау ауданындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда күніне кем дегенде 1500 адам қызмет алуға келеді. Автокөлік иелері үшін жасалған ең жағымды жаңалық – «Электрондық үкімет» порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру сервистерінің іске қосылуы.

«Электронды портал қызметі арқылы қазір көп жұмыс атқарылып жатыр. Яғни, сіз үйде отырып-ақ жүргізуші куәлігін ала аласыз. Бұл халыққа өте тиімді және ыңғайлы болып саналады. 2019 жылдан бастап 145 мыңнан астам дайын құжат берілгенін айта кету керек», - дейді Алматы қаласы Мамандандырылған ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Сәкен БАЙҒАЛИЕВ

Бас партия хатшысы Алматыда қыркүйек айында ашылған Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына да барды. Миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары жасайды. Мұнда күніне мыңға жуық қызмет көрсетілетін болса, оларды алу уақыты 15 минуттан аспайды.

«Шетел азаматтары үшін барлық жағдай жасалған. Көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мәселен, бұрын резидент емес тұлға салық, полиция, аурухана, сақтандыру компанияларына байланысты қызметтерді алу үшін түрлі ұйымға барып, әр жерде кезекке тұруға мәжбүр болатын. Қазір бұл қызметтер бір жерде және кедергісіз көрсетіледі. Сондай-ақ, мұнда медициналық тексерістен өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру номерын алуға да болады», - дейді Алматы қаласы Көші-қон қызметтері орталығының басшысы Бекжан ҚОРЖЫНБАЕВ.

Илья Теренченконың іс-сапары соңында Nur Otan партиясы жанындағы «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссияның көшпелі отырысы өтті. Басқосуда Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мәселелері талқыланды. Жиын соңында «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңды жедел түрде жаңарту ұсынылды. Сондай-ақ, ол халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін құқықтық көмек сапасын арттырып, қызметкерлер үшін әлеуметтік пакет жасау керек деген ұсыныс айтты және заңсыз делдал қызметін атқарытындармен күресу үшін мобильді топ жұмысын ұйымдастыру керек деді.

«Мемлекет басшысы алдымызға жемқорлықпен күресті күшейтуді міндет етіп қойды. Сондықтан, бас партия үшін бұл мәселені бақылауды ұстап отыру аса маңызды. Бүгін бірнеше халыққа қызмет көрсету орталығын аралап шықтық. Проблемалар жоқ емес. Дегенмен, көптеген қызметтердің көрсетілу сапасы артқан», - дейді Nur Otan партиясының хатшысы Илья ТЕРЕНЧЕНКО.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сбой
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир