Шымкенттегі газ жарылысынан күйіп қалған жігіттің халі нашарлап барады
20 жастағы Ерлан Анардың денесінің 98 пайызын күйік шалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Біз осыған дейін 7 маусым күні Шымкенттегі «Мураз» компаниясына тиесілі газ құю станциясында жарылған газ цистернасы салдарынан 20 жастағы Ерлан Анардың денесінің 98 пайызын күйік шалғанын хабарлаған болатынбыз. Алайда үш күннен бері дәрігерлер науқастың халі күн санап нашарлап бара жатпаса, жақсармағанын жеткізді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға орнынан бірден Шымкенттегі Гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілген Ерлан Анардың жанын алып қалу үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда. Алайда, жас жігіттің жағдайы нашарлап барады дейді ақ халаттылар.
Ал полиция қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43