AKIMAT LIVE: Алматы тұрғындары Әуезов ауданының әкіміне сұрақ қоя алады

12.08.2019 17:42

Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері кешкі сағат 20:00-де аудан әкімдері мен басқарма басшылары сіздерді толғандырған сауалдарға тікелей эфирде жауап береді. Тосыннан қойылған сұрақ – шынайы жауап.

Сейсенбі, 13 тамыз күні «AKIMAT LIVE» бағдарламасының қонағы – Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев.

Сауалдарыңыз болса AlmatyTV телеарнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook әлеуметтік парақшасына кіріп жазсаңыздар болады.