Маңғыстау облысында заңсыз жұмыс істеген 5 діни пансионат жабылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Олар балаларға лицензиясыз білім берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облыстық прокуратура мәліметі бойынша Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласында, сондай-ақ Қарақия және Түпқараған аудандарында мекеме лицензиясыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Барлық пансионат бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңбұзушылық фактілері анықталды. 

Бұдан бөлек, қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға рұхсаты болмай шыққан. 

Осылайша, балалардың білім, тәрбие және уақытылы медициналық көмек алу құқығы мен бостандығы бұзылған.

- Санитарлық, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды. Соның нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды. Тексеріс барысында 50-ге жуық бала тәрбиеленгені анықталды. Сондай-ақ олардың ата-аналары ӘқБК 127-бабы бойынша жауапқа тартылды, - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Бағдат Карленов.

Оқи отырыңыз: Электронды әмиан жобасы іске қосылды

Новости партнеров