Осыған орай жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді
Қыстың қамын жаз ойла. Үкімет басшысы Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол қазірдің өзінде барлық олқылықтарды анықтап жою қажет деді. Осыған орай Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді. Мәселен, әкімдіктер тұтынушылардың 1 наурызға дейін жиналған коммуналдық қызметтер үшін кредиторлық берешектерін азайту шараларын қабылдауы тиіс.
«Бірінші – жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілері, әсіресе денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы объектілерінің, үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Екінші, жоспарланған барлық жөндеу жұмысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтаңыздар. Халықты көмірмен жылыту орталықтары және қазандықтармен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Әсіресе көмір бағасының негізсіз шарықтауына жол бермеу керек», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.