|
24.01.2024 | 20:52
381

Қатарластары соққыға жыққан мүгедектігі бар жасөспірім аурухана жеткізілді

Жасөспірімді ұрып-соғу ісі әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылды

Қатарластары соққыға жыққан мүгедектігі бар жасөспірім аурухана жеткізілді Almaty.tv

Маңғыстау облысының Құрық кентінде мүгедектігі бар жасөспірімді өз қатарластары жабылып ұрып-соққан. Балам ауыр күйде ауруханаға жеткізілді деп зар жылаған ана кінәлілердің қатаң жазалануын талап етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 жастағы Мейрамбек Рақымберді осымен 9 ай ішінде екінші рет соққыға жығылып отыр. Былтыр да 10 бала жабылып ұрып, ол ауыр жарақатымен 4 күн есін жия алмай жатыпты. Кейін алған соққыдан жасөспірімде селкілдек ұстамасы пайда болған. Оған «2-дәрежелі эпилепсия» диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік тағайындалған.

– Бұл жолғы жағдай алдыңғы балалармен тікелей байланысты деп ойлаймын. Себебі 10 шақты бала баламды басынан тебе берген. Алдыңғы іс 1 жылдан бері жүріп жатыр. Менің талабым – баламның денсаулығын орнына келтіру, емдету, – деді М. Рақымбердінің анасы Әсем Рақымбердиева.

Ал облыстық Полиция департаменті жеткіншектердің алдымен әкімшілік жазаға тартылғанын растады. Одан кейін жасөспірімді ұрып-соғу ісі әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылғанын мәлім етті. Қылмысты жасады деген күдікке 14 және 15 жастағы 2 оқушы ілінген.

– Маңғыстау облысында жасөспірімдердің кәмелетке толмағанды ұрып-соғуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта полициямен кінәлі адамдар анықталды. Іс Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында төбелесте жарақат алған жасөспірім көз жұмды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир