Мұндай ат алыстағы құрлықтағы соңғы күндері орын алған қиын жағдайға байланысты
Зообақ мамандары бірнеше күн бұрын жаңа туған төлге есім қоюды әлеуметтік желі арқылы алматылықтардың өздерінен сұраған болатын. Көпшіліктің ойы бір жерден шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алыстағы құрлықта соңғы күндері орын алған қиын жағдайға байланысты көпшіліктің ойын ескере отырып, теңбілшердің атын Аустралия деп қойды. Зообақ мамандарының айтуынша қазір ягуардың жағдайы жақсы, барлық екпелерді алған.
«Жағдайы жақсы. Күндіз-түні біздің бақылауда. Бізде қызметкерлер екі ауысыммен жұмыс істейді. Күндіз өзіміз қараймыз. Түнгі ауысымда бізде оларға қарайтын мал дәрігері бар. Қазір екі ай болды. Жағдайы жақсы баласының. Әрқашан анасының жанында жүреді. Анасының сүтін емеді. Қазір ешқандай тамақ жемейді», - деді Алматы хайуанаттар бағының зоотехнигі Ерболат ШАРАПИЕВ.
Естеріңізде болса, осыдан 5 күн бұрын Алматы зообағында ягуар төлдеген болатын. Ұрғашы теңбілшер отбасына бірден үйренісіп кеткенмен көпшіліктің көзіне көп түскенді қаламайтын көрінеді.