Сал ауруымен ауыратын 9 жасар Мақсатқа қомақты қаржы керек

04.08.2021 01:56

Сан-Луис қаласының дәрігерлері Мақсатқа ота жасауға әзір

Almaty.tv

Сал ауруымен ауыратын баланың отбасына қомақты қаржы керек. 9 жасар Мақсат Іргебектің ата-анасы елден көмек сұрап, арнамызға жүгінді. Көпбалалы отбасы елімізде жасалмайтын қымбат отаны АҚШ-та жасатуға мүмкіндік алған. Нәпақасын тірнектеп тауып, пәтер жалдап жүрген жанұя бас-аяғы 28 миллион теңгеге жуық қаржы керек дейді. Мән-жайды Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін баяндайды.

9 жасар Мақсат сал ауруына шалдыққанымен айналадағының бәрін сезіп, біледі. Қозғалуға қарманып, аяғымен жүріп кетуге әрекет жасайды. Ал, анасы оның әр қимылын бағып, күнде осылай перзентінің денесіне жаттығу жасаудан талмайды. Алты жарым айлық болып дүниеге келген сәбиге о баста «бас сүйегінің қысылуы» деп дұрыс диагноз қойылмаған дейді анасы Жадыра. Церебралды сал ауруының ең тараған түрі спастикалық диплегияны емдеу үшін енді ата-ана Мақсаттың жұлынына ота жасау керек дейді. Ол ота АҚШ-та жасалады. Операциядан кейін бала тым болмағанда өз аяғымен жүріп кетеді деп сеніп отыр.

«Енді 3-4 айға бізді кезекке қойып жатыр. Бірақ оған енді барлығын есептей келе аяғына да, жұлынға да ота жасау керек екен. Екі ота, барып-келуіміз, керек өзінде ішінде береді екен. Жалға алуға коляска, артездер операциядан кейінгі солардың бәрін қосқанда 65 мың доллар бізге қажет болып тұр», – деді Мақсаттың анасы Жадыра Мұқышбаева.

65 мың доллар. Яғни, 28 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл сома төрт баланы тәрбиелеп отырған отбасы үшін ауыр. Әрі жанұя аядай ғана үйде пәтер жалдап тұрып жатыр. Перзенті үшін елден көмек сұрауға мәжбүрмін деп ағынан жарылды әке.

«МРТ-сын жібер дейді. Басын түсір деді. Барлық жерін түсіріп жібердік. Төрт ай күттік жауабын. Сосын осы 2-3 күн бұрын жауап келді. Сомасы да келді. Үлкен сома. Сосын сіздерге қарай жүгіндік амал жоқ», – деді Мақсаттың әкесі Нұрболат Іргебек.

Сан-Луис қаласының дәрігерлері Мақсатқа ота жасауға әзір. Қаражатты қарашаға дейін табу керек. Көпбалалы ана ендігі сенерім халық дейді.  

«Балаң басқа балалар сияқты өзінің қатарластарымен жүгіріп ойнай алмағаны жаның өте қатты батады. Осы уақытқа дейін үндемейтін бұл. Енді басы, миы бәрі істеп тұр ғой. Тек бізде жүре алмаймыз. Айтады кейде «Мама, менің аяғым неге жүрмейді? Менің аяғым тез-тез жүрсе, менің жүргім келеді» деп айтады», – деді Мақсаттың анасы Жадыра Мұқышбаева.

Бала еліміздің талай ауруханаларында емделген. Жоспарлы түрде ауруханаға жатып, тиісті ем-домын алып тұрады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Ата-анаға қолдау білдіремін дегендер экранда көрсетілген нөмірлер арқылы көмек қолын соза алады.

Назкен Еркін, Сағындық Нарықов, «Алматы» арнасы

KASPI GOLD: +77478761704 - Мукушбаева Ж.

5169 4971 6891 5381

HOME CREDIT BANK: 4049 3221 9410 9842

HALYK BANK: 4390 8782 4171 5373