Қала күні: Жетісу ауданында ұстаздардан бастап аула сыпырушыларға дейін марапатталды

15.09.2019 в 01:57

Алматының Жетісу ауданы да мейрамды көппен бірге дүрілдетіп атап өтті. Жергілікті әкімдік мерекелік концертті қаланың дамуына өлшеусіз үлес қосқандарды марапаттаудан бастады. Алғыс хатқа мұғалімдерден бастап аула сыпырушыларға дейін ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл түрлі сала мамандары үшін Алматыны одан сайын гүлдентуге үлкен мотивация болары анық,- дейді жергілікті әкімдік. Одан бөлек, концерт өтіп, жиналғандардың көңілін өнер майталмандары көтерді. Әсіресе, мейрамға арнайы келген цирк әртістері көптің көңілінен шықты.

Аудан тұрғындары алып шаһарда тұратындарын мақтан тұтатындарын айтады. Сондықтан, мейрамды дүйім ел болып тойлау игі дәстүрге айналды деп отыр.

«Осылай мейрамнан мейрамға аман есен жетіп, осындай күніміз ашық. Халқымыз тыныш болсын!», - деді бір тұрғын.