Ресейдегі қазақстандықтар шілде айында елге қайта алады

vlast.kz
vlast.kz
«Air Astana» компаниясы жуық арада чартерлік рейс ашуды жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шілдеде Ресейдегі қазақстандықтар елге қайта алады. «Air Astana» компаниясы жуық арада чартерлік рейс ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 7 және 11 шілде аралығында қызмет көрсетеді. Билеттің құны бір жаққа яғни, Нұр-Сұлтанға шамамен 100 мың теңгеден басталса, Алматыға 120 мың теңгені құрайды. Ол үшін арнайы формадағы өтінішті толтыру қажет. Кейін компания оны қарастырып, 72 сағат ішінде жолаушылармен байланысқа шығады.

«Мәскеуден Домодедово әуежайынан Нұр-сұлтан немесе Алматыға алып келуге чартерлік рейстерді ұйымдастырмақ. Бірақ бұл рейстер тек Үкімет мақұлдауымен және жеткілікті сұраныс болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан «Air Astana» әуе компаниясы өзінің сайтында арнайы форманы  толтырып, өтініш жазуға азаматтарды шақырады», – деді «Air Astana» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахманов.

Новости партнеров