Алматыда 122 мың шаршы гектар алқап гүлдендірілетін болады. Елдегі төтенше жағдайға қарамастан қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мегаполистің гүлзарларында түрлі гүлдер егіледі, деп хабарлайды Almaty.tvтілшісі.
Көктем келгенде Алматының саябақтарына ерекше жан бітетіні сөзсіз. Ал, гүлзарлар бүгінде мегаполис ландшафты дизайнының ажырамас бір бөлігіне айналған. 8 ауданды түгелдей абаттандыру жұмыстары ақпан айынан бастау алып, маусым айына дейін жалғаспақ. Әлемді пандемия жайлай бастағанда, флористер кейбір ерекше сорттардың тұқымдарын шетелден елге қаңтар айында әкеліп үлгеріпті.
Ауа райы жылынып, тіршілік жанданған көктем мезгілінде ең алғаш қызғалдақтар гүлдейді. Оларды отырғызызу дизайны мен түстері жыл сайын өзгеріп отырады. Мұнда егілген қызғалдақтар 2 аптаның ішінде солғаннан кейін, орнына бір жылдық гүлдер егілетін болады. Ал, биылғы көктемде карантинге қарамастан, мегаполистің барлық аумағында түрлі түсті гүлзарлар пайда болған.
Қызғалдақтардан кейін флористер бірден сальвия, петуния, вербена, пеларгония секілді төзімді гүлдерді арнайы үйлесіммен отырғызады. Осындай гүлзарлар алаңы биыл 110 мың шаршы метрден 122 мың шаршы метрге дейін ұлғайған. Қазіргі уақытта гүлдендіру жұмыстарын жүргізетін 6 жекеменшік ұйым жұмыс жасайды.
«Карантин болғандықтан көп жұмысшылар жұмыс істемейді. Мысалы, бұрын бір клумбада 10 адам жұмыс істейтін болса, қазір бір клумбада 5 адамнан артық жұмыс істемейді. Сол себепті жұмыс сәл созылуы мүмкін. Гүлдерді өсіретін жердің барлығы Алматы облысында. Оларды Алматы облысынан алып келу керек, кіргізу керек», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы Олжас ЖАНЫСБАЕВ.
Десе де Алматыны – табиғаты сұлу, бау-бақшалар қаласы деу бекер емес. Керемет үйлесіммен отырғызылған алғашқы гүлдер елді әбіржіткен қиын сәттерде қалалықтардың көз қуанышына айналған.
БЛИЦ:
– Глядя на цветы во время весны, во время карантина становится на душе тепло, становится прекрасно. Дети их видят радуются, мы их видим тоже радуемся. Это наверное то, что действительно приносит нам удовольствие и радость в это непростое время.
– Үйде күні бойы отырып, түнде жаңалықтарды көріп, көңіліміз түсіп кетеді. Кейде науқастардың саны көбейіп кетеді. Ал, сыртқа шыққан кезімде дүкенге, жолда осындай тамаша гүлдер көрген кезде, әрине, көңіл көтеріледі.
– Здесь аккуратно цветут цветы. Тюльпаны весной, летом розы. Очень красиво и мы всегда гуляем здесь с детьми.
Сондай-ақ, қаладағы әрбір гүл бақшасының жеке төлқұжаты бар. Оның негізінде егілетін гүлдер ассортименті таңдалады. Былтырғы көктемде тек 10 мың шаршы метр аумаққа күтімі қиын раушан гүлдері егілген. Ал, алдағы уақытта қалада 58 мыңнан астам біржылдық және 19 мыңнан астам кілем үлгісіндегі гүлдер отырғызу жоспарланған.
Аяулым Көлжігіт, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы