Мәжілісте Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшалардың мәселесі көтерілді

Мәжілісте Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшалардың мәселесі көтерілді
Бүгінгі таңда аймақта 1024 жекеменшік балабақша жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшалар аянышты жағдайда тұр. Бүгін NurOtan партиясының атынан сайланған Мәжілістегі депутаттар аталған өңірдегі жекеменшік балабақшалардағы жан басына қаржыландыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv

Айтуларынша, бүгінгі таңда аймақта 1024 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Оларда 115 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. 50 мың бала аз қамтылған, 25 мыңнан астам бала көпбалалы отбасынан келеді. Сондай-ақ, педагогтарының да жалақысы мардымсыз. Қызметкерлері айына 42 500 -ден 70 мың аралығында еңбекақы алады екен. 

«Осыған орай, Түркістан облысы бойынша, жергілікті бюджеттен қаржы тапшылығына байланысты, соңғы 3 жылдағы инфляцияны, педагог кадрлардың айлық жалақысының өсуіне қарамастан жан басына қаржыландырудың мөлшеріне қосымша қаржы қарастырылмаған. Осының салдарынан бүгінгі таңда облыс бойынша 23,5 млрд теңге қаржы тапшылығы туындап отыр. Жан басына қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырмасын орындау үшін Түркістан облысы бойынша 23,5 млрд тенге тапсырыс берілген. Бірақ республикалық бюджеттік комиссияның 2021 жылғы 20 сәуірдегі №9 шешімімен бұл шығыстар қолдау таппады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев.

Ал, депутат Елнұр Бейсенбаев елімізде студенттік жатақхана жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Оның сөзінше, білім алып жатқан 1 миллионнан астам студенттің тек 16 пайызы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Әсіресе, cтуденттер жатақханасының ең үлкен жетіспеушілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Сонымен қатар, депутаттар «Қошқар Ата» ойпатындағы радиоактивті қалдықтарды рекультивациялауды жалғастыруды сұрады. 

«77 шаршы километр аумақты алып жатқан «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен радиоактивтік қалдықтар қоймасының экологиялық жағдайы, Маңғыстау үшін ең өзекті мәселе болып отыр. Онда жобамен 105 млн тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 млн тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтар орналасқан. Бұл радиоактивті қалдықтар қоймасы Ақтау қаласы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының 400 мыңға жуық халқына, яғни облыс халқының 55% - ның денсаулығына әсер етеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев.

Новости партнеров