Бүгін Антикордың алаңында өткен онлайн-брифингте Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлының «Adaldyq alańy» жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Adaldyq alańy» жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасын ілгерілету қажеттілігін Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында былай атап өтті: «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша елорданың тәжірибесін тарату қажет».
Жобаның мақсаты мынадай міндеттер арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою:
- азаматтарға қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау;
- мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- қоғамдық бақылау құралдарын күшейту.
«Бүгінгі таңда 19 орталық мемлекеттік органда, 17 өңірде және «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында қоғам өкілдерінен басшылары тағайындалған «Adaldyq alańy» жобалық кеңселері ашылды», – деді Ғ. Асанұлы.
Азаматтарға қызмет көрсетуге қолайлы жағдайлар жасау оларды көрсетудің қағаз нысанын қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Парасаттылық департаменті директоры Ғ. Асанұлының айтуынша: «Жоба мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға айтарлықтай серпін беріп, 93 % деңгейге қол жеткізуге ықпал етті. Қазақстан БҰҰ қалыптастырып отырған электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде 29-орынға табан тіресе, Электрондық қатысу индексі бойынша – 26-орында».
Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру арқылы азаматтар мен шенеуніктер арасында тікелей байланыс жойылды.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелерінде цифрлық шешімдерді қолдануға ерекше рөл бөлінген, олардың ішінде «IQALA» қалалық қызметтер орталығы, «i-KOMEK 109» мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және өңірлердегі жер мәселелері бойынша геоақпараттық жүйелерді айтуға болады.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстың сервистік моделін енгізумен тікелей байланысты.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеттерінің бірі қала, аудан, ауылдық әкімдіктерді сервистік үлгіге көшіру болды.
Ғанижан Асанұлы айтып өткендей: «Антикордың, барлық деңгейдегі әкімдіктер мен «Adaldyq alańy» жоабылқ кеңселерінің үйлесімді жұмысының арқасында 320-дан астам әкімдік сервистік форматқа көшті, бұл – облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар жүз пайыз қамтылды деген сөз. Барлық елді мекендерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар».
Мемлекеттік органдар мен мекемелерде 2 400-ден астам кедергісіз фронт-офистер мен оупэн-спэйстердің ашылуы мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтерді алу процесін жеңілдетті, азаматтарға қолжетімді нысанда кең ауқымды мәселелер бойынша консультация жүргізуге мүмкіндік берген.
Осылайша, ашықтық пен транспаренттілік жұмыстың күнделікті стандарты болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеттерінің трансформациясы басталды.
Мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің 5,5 мыңнан астам бірінші басшысы өздерінің ыңғайлы кабинеттерінен шығып, бірінші қабаттағы «әйнек кабинеттерде» жұмыс істеуге көшті. Осылайша басшылар да қолжетімді болды.
Агенттік осы бағыттың жай үйлестірушісі ғана емес, өз мысалында азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. 17 өңірде агенттіктің сервистік орталықтары ашылды, олардың алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың «фабрикаларына» айналған коворкинг орталықтары жұмыс істейді. Осыған ұқсас «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы Агенттіктің орталық аппаратының жанында ашылды.
«Adaldyq alańy» шеңберінде азаматтарды консультациялық қолдау жүйесі жолға қойылған.
Бұл тұрғыда күн сайын өткізілетін тұрақты тікелей эфирлері азаматтарды дәстүрлі қабылдауларды алмастырған «Адал көмек» және «Antikor.Live» жобаларын ерекше атап өтуге болады.
Онлайн-брифинг барысында Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы өткен жылы «Adaldyq alańy» жобалық кеңселеріне азаматтардан 12 мыңға жуық өтініш келіп түскендігін, олардың 80%-ы оң шешімін тапқандығын айтты.
Антикорда атап өткендей, «Adaldyq alańy» жобасы елдегі қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс аясында 80 мыңнан астам волонтер жиналды. Осылайша, қоғам мен бей-жай қарамайтын азаматтардың күшімен дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықтың 300 фактісінің жолы кесілді, гуманитарлық көмек ретіндегі 18,3 млн қорғаныш құралы, 3,1 млн дәрілік заттар, 428 мың бірлік медициналық жабдық мақсаты бойынша тиісті орындарға жеткізілді, компьютерлер сатып алу кезінде 1,5 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді, ҰБТ-дегі 3 мыңға жуық қатысушының нәтижелері жойылды.
Қоғамдық бақылаудың тағы бір пәрменді тетігі «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» болды.
14,3 трлн теңгені құрайтын 18 мыңға жуық мемлекеттік мекеменің қаржылық деректері орналастырылған картаны дамыту мақсатында Агенттік «Ашық бюджет» жаңа жобасын іске қосты. Оның мақсаты – бюджет қаражатын игеру мониторингіне азаматтарды кеңінен тарту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.
«Халық арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен ақпараттық-ағарту штабы мен «Парасат жолы» орталығы шеңберінде жүзеге асырылады», – деді Парасаттылық департаментінің директоры Ғ. Асанұлы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдау мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыруда көркем шығармалар, спектакльдер («Құлқынның құлы» драмасы, «Бақыт кілті» пьесасы, «Жемқорлық – әлеуметтік дерт» спектаклі), қысқа метражды фильмдер («1424»), әлеуметтік роликтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекі өнімдер (мұралы, баннерлер, билбордтар, үлестірме материалдар, т.б.), адалдық дүкендер мен турникеттері маңызды рөл атқарады.
«Adaldyq alańy» аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар трендтеріне ерекше орын берілген.
Апта сайын ұлы тұлғалардың еңбектері мен сөздеріне негізделген «Адалдық сағаты» онлайн-дәрістері өткізіледі.
Сондай-ақ, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мектепішілік және студенттік «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарымен қалыптасады.