Алмалы ауданында бес күннің ішінде 50-ден астам садақа сұрағандар анықталды
Республикалық профилактика аясында шаһардың бір ғана Алмалы ауданында бес күннің ішінде 50-ден астам садақа сұрағандар анықталды. Оладың жартысына жуығы кәмілетке толмағандар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жедел шарада қолға түскен шет ел азаматтары көші-қон полициясына тапсырылса, қазақстандықтарға айыппұл салынады. Ал, имамдар қайыршылар санының көбейіп кетуінің негізгі себебі жалқаулық деген ойда. Арнат Дүйсен толығырақ тарқатсын.
Қарашаның 9-нан басталған республикалық жедел профилактикасы Алматыда да жүріп жатыр. Алмалы ауданында осы күнге дейін 50-ден астам қайыр сұрағандар ұсталып әкішілік жазаға тартылды. Олардың қатарында кәмілетке толмағандарда мен шет ел азаматтарды да бар.
«Кәмілеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау мекемесіне ата-аналарына тапсыру үшін сол жаққа бейімделді. Және де шет ел азаматтарын көші-қон полициясына өткізілді. Өйткені сол кісілерге өздерінің заңды түрде шара қолданылады», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция басшысы Құралай БАЙДІЛДАЕВА.
Көшеде қол жайып қайыр сұрағандарды көргенде бірі садақа беріп сауап алғысы келсе, енді бірі ол адамның мұқтаждығына күмән келтіреді. Басына ақ орамал тағып алған мына келіншек жұма күндері орталық мешіттің жанында қайыр тілейтін көрінеді. Біздің түсірілім тобынан жағдайының жоқтығын айтып, көмек те сұрады.
«Жұмысым жоқ. 300 мың несием бар. Өтініш көмек беріңіздерші қиналып тұрмын», - дейді қайыр тілеушілердің бірі.
Камера кете сала қалтасынан қымбат ұялы телефонын шығарып, суретке түскенін көргенде шын мұқтаждығына сене алмадық. Хош, ал мұндайлардың көбейіп кетуінің негізгі салдарын іздеп көрдік. Бұл тұрғыда дін саласындағылар қайыршылардың қаптап кетуінің бірден бір себебі жалқаулық деп түсіндірді. Тіпті, қандай қауіп бар екенін де жасырмады.
«Үлкен бір қауіп. Сол өзі мұқтаждығымен қоя қоймай, қасына кішкентай балаларын ертіп алып жүреді. Яғни елдің жаны ашысын, мұсылмандар ғой кішкентай баланы көріп жани ашиды деп, суық күнде балаларын ертіп алып, жауратып, баланың денсаулығын ойламай, ақша үшін сондай бір қадам жасап жатыр», - дейді Алматы қаласы «Әбу Бәкір» мешітінің наиб имамы Айдос ШАРАПАТБЕКҰЛЫ.
Одан өзге наиб имамның айтуынша шын мұқтаж адам көшеге шығып қол жаймайды дейді. Ал, жедел профилактика шарасы республика бойынша қарашаның 16-сына дейін жалғаспақ.
Арнат Дүйсен, Рашид Шүкірәлиев, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы