Бұл бүгін ауа-райының күрт суып, жауын-шашын түсуіне байланысты болуы мүмкін
Бүгін Алматының «Көктем-2» шағынауданында жарық сөніп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұны «Адам құқығы хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова әлеуметтік желіге жариялады. Қаланың қақ ортасында жарықтың неліктен сөніп қалғаны әзірге белгісіз. Бұл бүгінгі ауа-райының күрт суып, жауын-шашын түсуіне байланысты болуы мүмкін. Тілшіріміз мән-жайды анықтау үстінде.