Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы тұрғындар сұрағына жауап береді

05.09.2019 21:00

5 қыркүйек, бейсенбі күні, кешкі 20:00-де болатын Akimat LIVE бағдарламасына Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов келеді.

Сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жолдасаңыздар болады немесе Almaty TV арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшаларына жаза аласыздар.

Тікелей эфир кезінде көрермендерге студияға хабарласып, сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ тікелей эфирді телеканала almaty.tv телеарнасының сайтынан және Facebook пен YouTube желілерінен көре аласыздар.