Қыздар университетінің ұжымы Елбасының тезірек сауығып кетуін тілейді

ia-centr.ru
ia-centr.ru
Бұл туралы оқу орнының ректоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен білім алушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетінен тезірек сауығып кетуін тілейді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы оқу орнының ректоры, профессор Гаухар Алдамбергенова әлеуметтік желідегі парақшасында  жазды.

«Әлемді шарпыған COVID 19 індетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті де жұқтырып алды. Елбасының баспасөз қызметінің «Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті» делінген хабарламасын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен білім алушылары ерекше қобалжумен және алаңдай отырып қабылдады. Өзімнің және оқу орнының атынан Елбасымызға тезірек сауығып, тәуелсіз Қазақ елінің дамуы мен игілігі жолында ұзақ та табысты еңбек етуді тілеймін. Бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы өзін жақсы әрі сергек сезінуде және қашықтан жұмыс істеп жатыр. Елбасымыз үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, отандастарымызға соны кеңінен насихаттап жүретіні белгілі. Сондықтан Тұңғыш Президентіміз бұл сынақты да оңай жеңетініне кәміл сенімдіміз», – деп жазады Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенов.


Новости партнеров